IELTS, TOEFL, ағылшын, қазақ тілі. Сабақ, тапсырма, сөздік және mock емтихан бір порталда.
Тапсырма чатта, тест формада, баға Excel-де, сілтеме Zoom-да. Courstar осының бәрін мектебіңіздің жеке порталына жинайды.
Мұғалім тест тексермейді: жүйе өзі тексереді, мұғалім тек ашық жауаптарды қарайды.
Әр оқушының бағасы, қатысуы мен прогресі бір бетте.
Порталда мектебіңіздің логотипі, түсі және жеке субдомені.
Курс құрудан журналға дейін. Әр құрал платформада дәл осылай көрінеді.
Модуль мен сабақты блоктардан құрасыз: видео, PDF, мәтін, аудио, сілтеме, тест, сөздік, тапсырма және IELTS.
Платформада 12 тапсырма түрі бар. Төртеуі осында: жауап беріңіз, жүйе бірден тексереді.
Етістікті дұрыс формада жазыңыз.
Yesterday we(go) to the museum.
She has(live) in Almaty since 2020.
Қалған 8 түрі: бірнеше дұрыс жауапты тест, True/False, бос орынды тізімнен таңдау, топтастыру, әріптерден сөз құрау, ашық сұрақ, AI тексеретін ашық сұрақ және сөйлеу (микрофон).
Оқушы Writing не Speaking тапсырады. Мұғалім бір батырманы басады: AI төрт критерий бойынша балл мен түсініктеме ұсынады. Мұғалім түзетіп, растайды, оқушы бағаны сонда ғана көреді.
Some people believe children should start learning a foreign language at primary school. To what extent do you agree?
In my opinion, children should start learning a second language as early as possible. Young learners pick up pronunciation effortlessly and are not afraid of making mistakes. Furthermore, early lessons develop a flexible way of thinking that helps in other subjects. However, it depend on the quality of teaching, because a bored child will quickly lose interest.
Позиция анық, екінші аргумент мысалмен ашылмаған.
Абзацтар логикалы, байланыстырушы сөздер орынды.
Сөздік қоры жеткілікті, кей сөздер қайталанады.
Етістік формасында қате бар: it depends.
Оқушы бағаны мұғалім растаған соң көреді
Сөз жаттаса, видео көрсе, үй жұмысын не тест тапсырса, оқушының оты жанады. Бір күн оқымаса, сөнеді. Ал платформаны күн сайын алғаш ашқанда оған қысқа хабарлама келеді.
Әр сабақ пен тапсырма XP береді, топ рейтингі ынта береді. Барлығы мобильді қосымшада да бар.
Бағдарламашы да, ұзақ баптау да керек емес. Алғашқы 10 күн тегін.
Хабарласып, мектебіңізді ашамыз. Логотип пен түсті таңдайсыз, портал сіздің атыңызбен ашылады.
Видео, PDF, тест пен үй тапсырмасын модульдерге жинайсыз.
Оқушыларды топтарға бөліп, кестені орнатасыз. Олар веб пен қосымшадан кіреді.
Байқау тесті ресми емтиханның тәртібімен өтеді: пәндер, тапсырма саны, балл есебі және бір ортақ уақыт. Емтиханға дейін оқушы бұл форматта ондаған рет отырып шығады.
Сабақтан байқау тестіне дейін, журналдан телефонға дейін. Бір платформа, бір кіру.
Бес пән, ортақ сағат, сұрақтар картасы және белгі. Балл тапсырған сәтте есептеледі.
Нәтиже жұмыс тапсырылған сәтте есептеледі. Оқушы «Менің қателерім» бөлімінде әр қатесін ашып қарайды, мұғалім қай пәннен балл жоғалып жатқанын көреді.
Айбек Сейітов, 11-сынып
алты байқауда +38 балл
«Менің қателерім»: 14 сұрақ талдауға ашық
Әр тақырып бойынша дұрыс жауаптар үлесі топ кесіндісінде жиналады. Әлсіз тақырып пен сол тақырыптан қиналып жүрген оқушылар бірден табылады.
| Оқушы | Туынды | Тригонометрия | Логарифм | Прогрессия | Ықтималдық |
|---|---|---|---|---|---|
| Айбек Сейітов | 82% | 38% | 76% | 88% | 64% |
| Аружан Қасымова | 74% | 62% | 69% | 80% | 58% |
| Дана Нұрланқызы | 65% | 29% | 58% | 72% | 49% |
| Ерасыл Төлеуов | 58% | 44% | 61% | 77% | 61% |
| Мадина Әлиева | 90% | 71% | 84% | 93% | 70% |
| Нұрсұлтан Бекұлы | 70% | 33% | 66% | 75% | 52% |
Келесі қадам: нәтижесі 50%-дан төмен 4 оқушыға тригонометриядан тақырыптық тест беру.
Тест шешсе, видеосабақ көрсе не үй жұмысын тапсырса, оқушының оты жанады. Бір күн оқымаса, сөнеді. Күн сайын алғаш кіргенде оқушыға ҰБТ туралы қысқа хабарлама келеді.
Уақытты тоқтатып та, ұзартып та болмайды. Оқушы нағыз емтихандағыдай отырады, мұғалім нәтижеге сенеді.
Экрандағы сағат тек көрсетеді. Бетті жаңартқанмен уақыт басынан басталмайды.
Берілген жауаптар сақталады да, тест автоматты түрде жабылады.
Оқушы басқа бетке өтсе ескерту алады, бірнеше ескертуден кейін тест тоқтатылады. Мұның бәрі куратор мен мұғалімге көрінеді.
Қай сұраққа жауап берілгені көрініп тұрады. Күмәнді сұрақты белгілеп, соңында оған қайта оралуға болады.
Балл пәндер бойынша есептеледі, қателер талдауға ашылады.
Practice SAT математика модульдерінде негізгі калькулятор ашылады.
Платформа телефонда толық ашылады: байқаудан кейін оқушы жалпы балын, әр пәннің нәтижесін және қайталау керек тақырыптарды телефоннан көреді. Сабақ, кесте мен үй тапсырмасы мобильді қосымшада да бар.
Оқушы Courstar-ды емес, сіздің мектебіңізді көреді: өз мекенжайыңыз, логотипіңіз және түсіңіз. Мысалы, Investjasa осылай жұмыс істейді.
атыңыз.courstar.com мекенжайы мектеп ашылған күні жұмыс істейді.
Оқушы порталы сіздің логотипіңізбен және түсіңізбен ашылады.
Оқушы интерфейсті қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде таңдайды.
Сабақ жазудан оқушының нәтижесіне дейін. Бір құралды таңдаңыз, экраны оң жақта.
Модуль мен сабақты жасап, ішіне видео, PDF, мәтін, аудио, сілтеме мен тест блоктарын қосасыз.
Әр ағынға ашылу күні мен мерзімін бересіз. Мерзім біткенде курс оқушыға жабылады, ешкімді қолмен өшірудің қажеті жоқ.
Онлайн курсты көп адам ортасында тастайды. Күнде бір сабақ өтсе, оқушының оты жанып тұрады, ал платформаны күн сайын алғаш ашқанда сіздің атыңыздан қысқа хабарлама келеді.
Хабарлама Investjasa логотипімен келеді. Жіберушіні баптауда бір рет таңдайсыз.
Дайын 600 фраза бар — әр курс түріне 100-ден. Керегін қалдырып, қалғанын өшіресіз, өз фразаңызды қосасыз.
Оқушылар тізімінде әр оқушының оты көрінеді. Оты сөнген оқушыға жазып, ағын жабылғанша курсқа қайтарасыз.

Сіз сабақ жазасыз, қалғанын платформа реттейді.
Бір өзіңіз және бір көмекшіңіз. Оқушы көбейгенде тарифті ауыстырасыз, курстар мен оқушылардың нәтижелері сақталады.
Оқушы мобильді қосымшадан тоқтаған сабағын жалғастырады, тапсырмасын тапсырады және курс қашан жабылатынын көреді.
Ашық баға, жасырын төлемсіз. Бастапқы 10 күн тегін.
Оқу орталығына
Оқу орталығына
Оқу орталығына
Компанияларға
Сіздің брендіңіздегі жеке платформа: өз доменіңіз, өз қосымшаңыз, өз төлеміңіз.
ТалқылауСуретте: Investjasa брендіндегі оқушы қосымшасы.
Иә. Мектебіңізді ашқан соң 10 күн тегін. Осы уақытта курстарыңызды ашып, сабақтары мен тапсырмаларын баптап, оқушыларды шақыра аласыз.
Иә. Барлық филиал бір есептік жазбада болады, әрқайсысының жеке домені мен брендтеуі бар.
Мектеп платформасында админ, мұғалім, куратор және оқушы рөлдері бар. Әр рөлдің өз мүмкіндіктері мен қолжетімділігі бар.
12 түрі: бір және бірнеше дұрыс жауапты тест, True/False, бос орынды толтыру, дұрыс нұсқаны таңдау, сәйкестендіру, реттілік, топтастыру, әріптерден сөз құрау, ашық сұрақ, ЖИ тексеретін ашық сұрақ және сөйлеу. Үй тапсырмасын файл, сілтеме не мәтін түрінде беруге, IELTS, ҰБТ және SAT байқау емтихандарын өткізуге болады.
Тест түріндегі тапсырмалар бірден өзі тексеріледі. Ашық жауапты куратор, мұғалім не админ тексереді, немесе ЖИ алдын ала бағалап, мұғалім растайды.
Емтиханда басқа бетке өтуге болмайтын тәртіпті қосуға болады. Оқушы бірнеше ескерту алады, одан кейін тест тоқтатылады. Барлығы куратор, мұғалім және админ интерфейсінде көрінеді.
10 күн тегін. Өтінім қалдырыңыз: бір жұмыс күні ішінде хабарласып, платформаны ашамыз және курстарды көшіруге көмектесеміз.
Мектебіңіз туралы үш сұраққа жауап бересіз.
WhatsApp не Telegram арқылы хабарласып, платформаны көрсетеміз.
Мектебіңізді ашамыз, 10 күн тегін, курстарды көшіруге көмектесеміз.
Қазақстандағы дизайн және IT студиясы: сайттар, платформалар, дизайн және мобильді қосымшалар.
Студияның клиенттері



